Мен сорлы lyrics

Мағжан Жұмабаев

0
0

Share:


Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Бір ісім оңға бармаған.
Мен не жаздым о ғұрлы,
Тәңірі мұнша қарғаған?
Талпындым, түстім ізіне,
Ондалмады бір ісім.
Қарамай құлың жүзіне,
Алла-ау, көрсеттің қысым.
Бел будым, түстім әр жолға,
Тілегім қайтсем табам деп.
Қарамадым оң-солға,
Тілегім үшін шабам деп.
He қылсам да түспеді
Уысыма қуғаным.
Жібермеді, күштеді
Жақын бауыр, туғаным.
Таласқа салды жиғанын,
Барын, арын аямай.
Оқуға бермей - тыйғанын,
Алды-артына қарамай.
Білім іздеп сусаған
Жылайды пендең алдыңда.
Мейірі кең Жасаған,
Құр алақан қалдым ба?..
Мағжан Жұмабаев, Мен сорлы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

03.09.2016