Мағарри сөздер lyrics

Мағжан Жұмабаев

0
0

Share:


Ақылы асқан данышпандар елінде
Бағаланбай, қырын көзбен қаралар.
Шетке даңқы, атағы асып кеткенде,
Қарсы болар ауылында ағалар!
Жарты жан боп сорлы болған соқырға,
Тілін алып, таяғы алдан жол бастар.
Байқай алмай, құлар байғұс шұқырға,
Ерсе досқа, таршылықта ойқастар.
Мінбелерде үгіт айтқан молдалар
Оңашада нәпсі артынан жүрмесін!
Бөрік киіліп, сандықта қап сәлделер,
Жасырынып бұзық жерге кірмесін!
Риялы ораза, намазбен
Өзіңді өзің алдама!
Әдейі қойсаң, онан да
Көп жақынсың Аллаға!
Мағжан Жұмабаев, Мағарри сөздер lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

03.09.2016