Күн шығады да, батады lyrics

Мағжан Жұмабаев

0
0

Share:


(М. Горькийден)
Күн шығады да, батады,
Абақтым қара әрі тар.
Түнде, күндіз күзетшілер
Тереземді бақылар.
Бақылаңдар, мейілдерің,
Қаша алмаймын мен сорлы.
Жүрек ерікке ұмтылады,
Үзе алмаймын шынжырды.
Ай, шынжырлар, шынжырларым,
Сендер - темір сақшылар.
Үзе алмас та, сындыра алмас
Сендерді асқан батырлар.
Қарға, қарға, қара қарға,
Heгe төніп келесің?
Көзің сүзіп күтпе бекер,
Мен сенікі емеспін.
Мағжан Жұмабаев, Күн шығады да, батады lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016