Ай жүзінде мұң бардай
Ақ жұлдыздар сол Айды
Жұбатқалы тұрғандай
Дидарыңнан арайлы
Тылсым жылу тарайды
Үнсіз ғана маған да, қарайды.
Қайырмасы:
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін Айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған.
Жеткізе алмай сезімін
Тауысқандай төзімін
Жұлдыз ақса аспаннан
Тамшысындай көзінің.
Жұлдыздарым сырласып
Жанымды ұғар мұңдасып
Өздеріңдей мені кім, тыңдасын.
Қайырмасы:
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін Айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған. мәдина, сәдуақасова, садвакасова, мадина, madina, sadvakasova, Жұлдыздармен сырласу lyrics, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Аяулым
күшті 👍👍👍