Мәдина Сәдуақасова Сен ем (2021), lyrics

Сен ем lyrics

Мәдина Сәдуақасова

2021

11
1

Share:



Бір күнде сөнбейтін, жанымды тербейді үміт
Таңымды қарсы алам, әр кеште аңсаған гүлді
Жолынан жаңылмас, ешкімге бағынбас уақыт
Уақытты санаумен, күтемін әр күннен бақыт

[Қайырмасы]
Бір күні келетін бақытқа сенемін
Сонда мен санаңа сезім боп енемін
Бәрін де жеңемін мен оны білемін
Арманға жетемін

Жолымды басатын, жаңа өмір ашады сезім
Жүректі мұздатып, сынайды сыздатып төзім
Сезімім ертегі, әуенін шертеді жүрек
Сен маған керексің, мен үшін ерексің бөлек

[Қайырмасы]
Бір күні келетін бақытқа сенемін
Сонда мен санаңа сезім боп енемін
Бәрін де жеңемін мен оны білемін
Арманға жетемін






Admin

Added Lyrics

10.12.2021


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz