Туысқандар

Мәди Дәуренұлы

2017

8
0

Share:





Загрузка...



Бауыр десе бүйрегім бұрып тұрады
Көзің көрсе көңілім жылып тұрады
Ей ағайын сана болса сыйласайық
Ала болса арамыз суытылады

Байлықпенен дүние құнықтырады
Байқамасан одан көп бүлік шығады
Қу тірлікке құмартып құл кетсең
Бірге туған бауырды ұмыттырады

Қайырмасы:
Туысқандар туысқандар
Алыс кетіп араны суытпандар
Туысқандар туысқандар
Жақын жүріп жақынды ұмытпандар
Туысқандар туысқандар
Жылтыраған жалғанға қызықпандар
Жаурағанда жанымды жылытқандар

Қуаныш пен қайғының арасында
Бірге туған туыстың бәрі осында
Жақсы жаман болса да бәрі туыс
Жанға жақын тек оның бағасында

Бұл сыйластық әке мен анасында
Бөтендік жоқ әйтпесе баласында
Осы ағайын өкпелетіп алатын да
Осы ағайын қуанта салатын да

Қайырмасы:
Туысқандар туысқандар
Алыс кетіп араны суытпандар
Туысқандар туысқандар
Жақын жүріп жақынды ұмытпандар
Туысқандар туысқандар
Жылтыраған жалғанға қызықпандар
Жаурағанда жанымды жылытқандар
Мәди Дәуренұлы Туысқандар lyrics, Мәди Дәуренұлы 2017


Загрузка...