Made in KZ Жүрегім менің lyrics

Жүрегім менің Made in KZ

0
0

Share:




Lyrics


Қайран менің жүрегім, жас жүрегім,
Көктем едің бір кезде тасқын едің.
Жастық даурен, жалтақтап қарайлайсың,
Сені ойласам ұйқым да қашты менің, қашты менің

Қайран менің жүрегім қыран құстай,
Қанат барда шыдайсың қайтып ұшпай.
Оңашада жылайсың ағыл-тегіл
Қаларың да белгісіз қайсы тұста, қайсы тұста

Өкінбеймін, күн зулап өте берсін
Кейінгілер, жүрегім, сені көрсін.
Жырым мені ешқашан өлтірмейді,
Әнім, мені алысқа жетелерсің, жетелерсің.





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

31.07.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz