Маған деген, асылым-ай, жүр ме өкпең әлі тарқамай?!
Тасығаным - алтын дән-ай, тыным алмай күн-түні-ай
Келсеңші бір жарқылдап-ай, жайраң қагып, жайнап, шіркін-ай!
Қайырмасы:
Айналайын, еркем-ай!
Ай жүзіңнің көркемі-ай!
Кездесейік қырманда
Еркетайым-ау, ертең-ай!
Айна көлдің аққуындай бір жүрейік, қалқам-ау!
Аяулым-ау, арманым-ау! Өкпең әлі-ақ ертең тарқар-ау!
Қолым тимей жүр ғой менің, мынау орақ кезінде!
Тал шыбықтай бұралған-ай, түсінерсің, сәулем, өзің де!
Қайырмасы:
Айналайын, еркем-ай!
Ай жүзіңнің көркемі-ай!
Кездесейік қырманда
Еркетайым-ау, ертең-ай!
М. Маңғытаев М. Маңғытаев, Тың төсінде lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store