М. Маңғытаев Перзент (0) lyrics

Перзент lyrics

М. Маңғытаев

Перзент

0
0

Share:


Менің досым тұңғыш перзент сүйіпті
Мол бақыттан мол сыбаға тиіпті
Ойнатып тұр нәрестесін көтеріп
Сәби жаны қалай ма екен биікті?!
Ойнатып тұр нәрестесін көтеріп
Сәби жаны қалай ма екен биікті?!


Сонда жаным сұлу сазды қалады!
Менің досым қолындағы баланы
Әлсін-әлсін күн көзіне көтеріп
Шұғылаға шомылдырып алады!
Ойнатып тұр нәрестесін көтеріп
Сәби жаны қалай ма екен биікті?!


Жадырай түс, жаз мінезді досым-ай!
Бола берсін дос көңілі хош ұдай!
Әке болып құрбым ұзақ ғұмырды
Табығаттан тартып алды осылай!
Әке болып құрбым ұзақ ғұмырды
Табығаттан тартып алды осылай!

М. Маңғытаев






GM

Added Lyrics

28.10.2015