Сағындым сені М. Бесбаев , Sin Frontera

Сағындым сені

1
0

Share:


Lyrics



Жалғандағы армандаған асылым
Мұңымды айтам мен өзіңе жасырын
Асау өткел өткізбеді
Қашқан жолдар жеткізбеді жаным


Айлар өтті кездеспедің
Сырларымды сезбеспе едің жаным
Сағындым сені сағындым


Бір өзіңді ойлай ойлай жыл өтті
Ғашық жүрек от боп жанып дір етті
Қара көзің күлімдеген
Кірпіктерің дірілдеген жаным


Жайнап өскен гүлім деп ем
Жүрегімді тілімдеген жаным
сағындым сені сағындым


Ғұмыр кештім мен өзіңмен аяулым
Шықпай қойдың сен есімнен аяулым
Кездескенде көктем еді
Көкте тырна өткен еді жаным
Құстар қайтып оралмадың
Сен бақытты бол арманым жаным
Сағындым сені сағындым

М. Бесбаев



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015