Құрмаш Махан Ūnaidy lyrics

Ūnaidy Құрмаш Махан

2022

1
0

Share:




Lyrics


Сен кірмеген есікті ашып, жай басып,
Сен мінбеген көлігіме жайғасып,⠀
Сен жүрмеген сан жолдарды шиырлап,
Сан жылдарым өте шықты құйындап.⠀
Амалсыздан қоштасқанда өзіңмен,
Уақыт тоқтап қалғандай боп сезілген.

Қайырмасы:
Уысында бола тұра бар ғалам,
Неге бізге мұндай тағдыр таңдаған?
Деп бірақ та жазғырмаймын Құдайды.

Енді есімді жия алмаспын дегенмін,
Енді ешкімді сүйе алмаспын дегенмін.
Өмірді өлшеп әсерімен сол сәттің,
Көзде бекер мөлдірепті моншақ мұң.
Сен біреуге иық тіреп менсіз де,
Мен біреуге сүйікті боп сенсіз де…

Қайырмасы:
Уысында бола тұра бар ғалам,
Неге бізге мұндай тағдыр таңдаған?
Деп бірақ та жазғырмаймын Құдайды,
Маған қазір осы күнім ұнайды. Х2



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

02.06.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz