Қуандық Рахым Оның көздері (2018), lyrics

Оның көздері lyrics

Қуандық Рахым

2018

38
0

Share:



Әлемі тұнық, әдемі қылық,
Арулар қандай арайлы.
Балауыз шамдай, жаздағы таңдай,
Жүзіне, сәуле тарайды.
Тамсандырып талайды,
Тек біреуді қалайды.
Қайран қылып, ой қалдырып,
Жүректі өртеп қарайды.

Қайырмасы:
Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.

Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.


Жүрегі жұмбақ, үнемі қымбат,
Бағалы гауһар асылдай.
Танысқанменен, табысқанменен,
Тұрады сыры ашылмай.
Бар айласын жасырмай,
Айналдырған басымды-ай.
Таң қылады, талдырады,
Көздері оның жасындай.

Қайырмасы:
Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.

Қыз, қыз қарады,
Қос, қос жанары,
Қас, қас-қабағы мазамды алып.
Қас, қас-қабағы мас-мас қылады,
Барам естен танып.

Қайырмасы.

Қайырмасы.










16.04.2019