Жібек сезім lyrics

Клара Төленбаева

Жібек сезім

7
0

Share:



Қол жетпес көрікті арман,
Сезімге серік болған,
Сенбісің аққу құсым,
Айдынға келіп қонған
Айтайын жүрек сөзін
Бағыма тілекші өзің
Бұл жүрек сені іздейді
Үлбіреп жібек сезім
 
Қайырмасы:
Айымда сен , күнімде сен
Жанымды тербейсің күлімдесең,
Жанымда сен бағымда сен
Сүймесем сені сәулем, дәл бұлай сағынбас ем!
 
Арманым аңсатсаңшы
Сырымды сен сақтаушы
Жылайды жанарымда,
Мөп мөлдір моншақ тамшы
Балдәурен тәтті шағым
Сен іздеп көкке ұшамын
Жанымнан жырақ кетті,
Жылытқан жат құшағың
Клара Төленбаева, Жібек сезім lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Аиша Мусаева

01 2018

караокесин анык гып басса

02.06.2019
Users