Сені ешкімге бермеймін lyrics

Клара Төленбаева

2018

2
0

Share:



Мен сені көкте күнге қызғанамын
Жүректің сезілеме мұздағанын
Мына опасыз дүниеде кінәсі жоқ
Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз

Қайырмасы
Сені ешкімге бермеймін
Сұрамасын сұрамасын жанымның мұнарасын
Сені маған тәңірдің өзі берген
Пейіште періштелер жылағасын
Сені ешкімге бермеймін сұрамасын

Мен сені сүюгеде жалықпаймын
Қасыңда қанатсыз ақ қалықтаймын
Сен қасымда болғанда жаным шуақ
Сен жоғалсаң алау болып қалықтаймын

Қайырмасы
Сені ешкімге бермеймін
Сұрамасын сұрамасын жанымның мұнарасын
Сені маған тәңірдің өзі берген
Пейіште періштелер жылағасын
Сені ешкімге бермеймін сұрамасын


Клара Төленбаева, Сені ешкімге бермеймін lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

01.06.2018
Users