Сертің қайда lyrics

КешYou

2019

0
0

Share:



Әні: Арман Дүйсенов
Сөзі: Арман Дүйсенов, Дидар Кәден

Мәңгі бірге боламыз деп серттескенсің,
Қыркүйектің айлы түнінде.
Жағдай сұрап, общагаға келіп кеткенсің
Сақтаулы тұр кепкен гүліңде.
Ата-анаңды көндіруге жетпей шамаң,
Сертті оңай бұзғаның қалай?
Әртіс келін керек емес депті анаң,
Әкең де отыр одан аса алмай.

[Қайырмасы]
Сен мені сүймедің ғой, сүймедің ғой жаным.
Мені ойлап күймедің ғой, күймедің ғой жаным.
Қасымда қалмадың ғой, жан жарым болмадың ғой.
Алам деп алмадың ғой, алмадың ғой.
Қайтам енді тағдыр солай болған болар.

Еш амалым жоқ қой, көнемін.
Жүрегімде бір бос орын қалған болар,
Жолығарын біреу білемін, ай-ай.
Ғашықтарды бір-бірінен айырмасын.
Жабырқатып жай таба алмай түк.
Еріндерім осы әнімнің қайырмасы,
Сыбырлайды қайталап айтып.

[Қайырмасы]
Сен мені сүймедің ғой, сүймедің ғой жаным.
Мені ойлап күймедің ғой, күймедің ғой жаным.
Қасымда қалмадың ғой, жан жарым болмадың ғой.
Алам деп алмадың ғой, алмадың ғой.
Қайтам енді тағдыр солай болған болар.

кешyou, кешью, keshyou, Сертің қайда lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

02.11.2019
Users
Music Videos
КешYou
Сертің қайда