Сағынып жаным сен келдің
Қайындай нәзік тербелдім
Көзімнен жалын көргенде көріктім
Өзіңе қарай бергенім
Қайырмасы:
Көңілім неден іркілді
Жүрегім неге бұлқынды
Кім ұрлап кетті күлкімді қапыда
Кім ұрлап кетті кілтімді
Балауса гүл бақтары-ай
Төбемізде аппақ-ай
Төніп тұрған шақтары-ай шақтары-ай
Жанарымның талғаны-ай
Жүрегімнің жанғаны-ай
Алыстағы арман-ай арман-ай
Көзім бір қанбас көргенмін
Көгілдір құздай еркелім
Қайда сол жарқын күндерім арайлым
Қайда сол ғажап ертегім
Қайырмасы:
Көңілім неден іркілді
Жүрегім неге бұлқынды
Кім ұрлап кетті күлкімді қапыда
Кім ұрлап кетті кілтімді
Балауса гүл бақтары-ай
Төбемізде аппақ-ай
Төніп тұрған шақтары-ай шақтары-ай
Жанарымның талғаны-ай
Жүрегімнің жанғаны-ай
Алыстағы арман-ай арман-ай
Gulsezim Temirhanova
бұрынғы кешю жақсы айтатын еді
Erik Ismailov
Бексұлтан ағамыздың бізге - жаңақорғандықтарға арнаған әні.
Сундет Амандыков
композитрди пенсияга шыгару керек ритм бари бирдей дыкс дыкс и сол баягы дыкс дыкс