Арыс жағасында lyrics

КешYou

Арыс жағасында

9
0

Share:



Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым.
Жайнаған гүлдей құрбым сен,
Жағада тұрдың сен.
 
Қайырмасы:
Жаз еді – күлкің де,
Қайдасың бұл күнде?!
Сені іздеп, арманым,
Сыр бойын шарладым
 
Алдыңнан бір бақыт
Тұрғандай тіл қатып,
Толқынға қарап ойлана
Әндеттің жай ғана.
 
Қайырмасы.
 
Нұр шашып көзіңнен
Бір нәзік сезіммен.
Жібектей шашың толқындап,
Қалып ең қол бұлғап.
 
Қайырмасы.
 
Кете ме осылай
Әніміз қосылмай?!
Аяулы таңым – сен едің
Көрсем деп келемін!
            
Қайырмасы.
кешyou, кешью, keshyou, Арыс жағасында lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015