Автобуста кездескен қыз lyrics

Кенжебек Жанәбілов

Автобуста кездескен қыз

1
0

Share:



Бейтаныс қыз автобуста кездескен
Аялдама сезім бе еді мен кешкен?
Көңілімде көктем болып басталып
Түсіп қалдың ештеңені сезбестен.
 
Тал бойында тапқан бәрі жарасым,
Жүрегімде сезім отын жағасың.
Бар әлемнің сұлулығын жиып ап
Бейтаныс қыз, қайда кетіп барасың?
 
Өмір-өзен ағысынан жаңылмас,
Балғын күлкің басқа ешкімнен табылмас.
Сен мінетін автобустың уақытын
Тағы кімдер біледі екен, қарындас?
Кенжебек Жанәбілов, Автобуста кездескен қыз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015