Кеңес Әлімжан Саусағың жүзіксіз lyrics

Саусағың жүзіксіз Кеңес Әлімжан

2022

Share:




Lyrics


Үміттер үрейге жеңілген,
Арманның алауы басылған.
Отырмын таба алмай көңілден,
Ақ моншақ күндерді шашылған…

Қайырмасы:
Жап-жасыл жапырақ жас күннің,
Күз келіп ажарын солдырған.
Жалымен алысып тасқынның,
Жігерім жасыған, болдырған.
Қызықтың барлығы қызықсыз,
Қиынның оп- оңай көбісі.
Кездер-ай саусағың жүзіксіз,
Шексіз боп көрінген жол ұшы…

Сағымдар, сағымдар алдайды,
Сонда да ешкімді күт, талма.
Алданар ештеңе қалмайды,
Жалғанның шындығын ұққанда…

Қайырмасы:
Жап-жасыл жапырақ жас күннің,
Күз келіп ажарын солдырған.
Жалымен алысып тасқынның,
Жігерім жасыған, болдырған.
Қызықтың барлығы қызықсыз,
Қиынның оп- оңай көбісі.
Кездер-ай саусағың жүзіксіз,
Шексіз боп көрінген жол ұшы… Х2



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

26.08.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz