Кенес Сейтханов Ертіс аруы (0) lyrics

Ертіс аруы lyrics

Кенес Сейтханов

Ертіс аруы

0
0

Share:


Жастық-ай шіркін қиял құсындай,
Желменен бірге жарысқан,
Алыстан жеткен сағынышымдай
Өзіңдей жанмен танысқам.

Қайырмасы:
Табыстырмаған тағдырға мынау,
Амалым қанша көнемін,
Ертіс аруы өзіңді іздеп,
Жағаға күнде келемін.

Сезімді үрлеп сен жаққан жалын,
Жүректе мәңгі қалғандай,
Кездестің-дағы жоқ болдың жаным,
Қол жетпей кеткен армандай.

Қайырмасы:
Табыстырмаған тағдырға мынау,
Амалым қанша көнемін,
Ертіс аруы өзіңді іздеп,
Жағаға күнде келемін.

Тұнықтай мөлдір көздері,
Парасат тұнған ізгі ары,
Шыңға біткен шынардай,
Еңлікгүлдей құздағы.

Қылығы сондай сүйкімді,
Іңкәр боп жүрек сыздады,
Ертісте өскен арудың
Болармыз бәлкім біз бағы.
Арайлы жүзі албырап,
Талайдың бағын жандырған,
Семейдің, Семейдің, Семейдің,
Семейдің, Семейдің ару қыздары, қыздары.
Қайдасың, қайда жандырған үміт,
Ай қабақ ару бағалы,
Қарсы алар мені алдымнан күтіп,
Ертістің ерке самалы.






GM

Added Lyrics

27.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz