Базар-Назар Кенен әні

Базар-Назар

1
0

Share:


Lyrics



Маңырайсың ақ ешкі лағыңа, ой, дүние-ай
Емшек беріп өсірген шұнағыңа, ой, дүние-ай
Кел екеуміз қосылып зарланайық ой, дүние-ай
Жетер ме екен тағдырдың құлағына


Қайырмасы:
Ахай, дүние-ай
Салдың күйге-ай
Омырауымнан үзіліп түсті
Екі-ау түйме-ай, ой, дүние-ай
Базарым-ай, Назарым-ай
Сен өлген соң
Бәсең болды-ау ажарым-ау, ой, дүние-ай



Көштің көркі кірмейді-ау түйесі-ай жоқ
Таппай айтқан сөз жаман киесі-ай жоқ
Базар-Назар екеуі өлгеннен соң
Домбырамның қалыпты-ау иесі-ай жоқ


Қайырмасы:
Ахай, дүние-ай
Салдың күйге-ай
Омырауымнан үзіліп түсті
Екі-ау түйме-ай, ой, дүние-ай
Базарым-ай, Назарым-ай
Сен өлген соң
Бәсең болды-ау ажарым-ау, ой, дүние-ай


От басында сорғайып апаң қалды-ау
Төр басында шошайып атаң қалды-ау
Құлын тайдай ойнаған, қарқтарым
Төр алдында шашылып сақан қалды-ау

Кенен әні



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015