Share:



Балалық шақ балдаурен есімде
Арманым көп алып ұшып жетуге
Күнін босқа өткізетін адамдар
Өткеніне өкінеді деседе
Жалын шашқан жастығыңда жүріп тұр
Ақылыңмен қайратыңды серік қыл
Арман ару адастырар жолдардан
Таңдап алу талғамыңа сеніп біл

Қайырмасы:
Таңда бар көрінбеген
Адам жоқ сүрінбеген
Кейде оттар білінбеген
Жастық шақ күлімдеген
Біреулер табалайды
Біреулер ағалайды
Тұрғандар сенімінен
Ендігі бағлайды-оу

Өзіңе сенімді екеніңді шамала
Ақылың мен арманыңды бағала
Өмір теңіз өкініштер толқындар
Енді өшіп өзі үшін жағаға
Еліктеші ерік беріп сезімге
Бар бақытың сабыр болсаң төзуде
Нұрландырар нұрыңды төк тәңірім
Шаттана бер егеменді елімде

Қайырмасы:
Таңда бар көрінбеген
Адам жоқ сүрінбеген
Кейде оттар білінбеген
Жастық шақ күлімдеген
Біреулер табалайды
Біреулер ағалайды
Тұрғандар сенімінен
Ендігі бағлайды-оу

Қажымұрат Шешенқұлұлы, Сенім lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Hajimurat Daken

19 March 2018

асерлй керемет

Айгул

Corrected text

02.03.2018
Users