Қажымұрат Шешенқұл Қара көзім (0) lyrics

Қара көзім lyrics

Қажымұрат Шешенқұл

Қара көзім

1
0

Share:


Қиялмен әлемді кеземін
Қарайлап адал жаққа
Кіршіксіз бақытты сеземін
Көздерің қадалғанда
Жас жүрек сыңарын іздейді
Жетелеп сан арманға
Қимасаң сезімнің шуағын
Өкінбей амал барма

қайырмасы:
Қара көзім қара көзім
Өзінсіз күнім қайғы
Саған деген дара сезім
Мәңгілік суынбайды
Күлімдеші күлімдеші
Жылатпай жүрегімді
Сен де мені күнім деші
Қабыл ал тілегімді

Әр таңның самалы еседі
Жыр сыйлап жүрегіме
Еліктей қылығын кешегі
Елітер бір өзіңе
Керуен күн аялсыз өтеді
Елес боп күл өмірден
Бәрі де таусылмас ертегі
Жазылған әр көңілден

қайырмасы:
Қара көзім қара көзім
Өзінсіз күнім қайғы
Саған деген дара сезім
Мәңгілік суынбайды
Күлімдеші күлімдеші
Жылатпай жүрегімді
Сен де мені күнім деші
Қабыл ал тілегімді






GM

Added Lyrics

29.10.2015