Мен енді саған lyrics

Қажымұрат Шешенқұл , Аршын Жолдасхан

2018

1
0

Share:



Мен енді саған хабарласпаймын
Елігім еркем маралым
Телмиртіп жолға алаңдатпаймын
Мөлдір бота жанарың

Қайырмасы
Ұйқымды бөліп сағына алмаймын
Лаулаған арман отымау
Жалынып сөніп жалына алмаймын
Жалғанда бес күн осынау
Қоштасар сəттің əніне арнаймын
Толқындай əсем тотымау

Мен енді саған сыр ашпаймын
Жалғыздық күйін кешемін
Жүректі сен деп жылатпаймын
Айналып бұлтқа көшемін

Қайырмасы
Ұйқымды бөліп сағына алмаймын
Лаулаған арман отымау
Жалынып сөніп жалына алмаймын
Жалғанда бес күн осынау
Қоштасар сəттің əніне арнаймын
Толқындай əсем тотымау

Мен енді сені еркелетпеймін
Кездерімді іздеп сағынған
Болады бəрі ертелі кеш мейлі
Маңдайға солай жазылған

Қайырмасы
Ұйқымды бөліп сағына алмаймын
Лаулаған арман отымау
Жалынып сөніп жалына алмаймын
Жалғанда бес күн осынау
Қоштасар сəттің əніне арнаймын
Толқындай əсем тотымау

Қажымұрат Шешенқұл, Аршын Жолдасхан, Мен енді саған lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

03.07.2018
Users