Не жаман. Не жетім lyrics

Қазақша терме

2018

2
0

Share:



Біріншіден ай- не жаман ей?
Білімсіз болсақ сол жаман
Екіншіден не жаман-анаңның тілін алмаған
Қасарысқан қыз жаман
Үшіншіден не жаман-үш жеріңнен буғызып көрге салса сол жаман
Төртіншіден не жаман
Төрісі қадыр бермесе парақор болған би жаман
Бесіншіден не жаман-
Жұрттың ішкен тамағын денсаулықтың жоғынан іше алмай қалсаң сол жаман
Алтыншыдан не жаман-
Ардақтап алған әйелің өр ішінде өңкілдеп ел ішінде беттен алса сол жаман
Жетіншіден не жаман-
Жетімшекке бұртиып жетпегір кетсең сол жаман
Сегізіншіден не жаман-
Серке санды атты деп сергелдек болсаң сол жаман
Тоғызыншыдан не жаман-
Торғайдай болып алып,бір басың топқа түссең сол жаман
Оныншыдан не жаман-
Оймақ ауыз күлім көз,бір перзентің жоғынан мұңда болса сол жаман

Бұл дүниеда айхай не жетім ей
Кім қажетсіз болса сол жетім
Қарттың қатыны болмаса бұхара бай жетім
Қартта белің қонбаса жайылған аты болмаса
Көгере шыққан бәйшешек жеусіз тұрып сорласа жел тұрмаған жер жетім
Ішкен суың жақпаса адам түгіл малда өлер
Қаңғырған қарсақ таппаса ащы дария көл жетім
Жетпістен жасы асқанда сексенге аяқ басқанда
Жастар келмесе келіндер сәлем бермесе қартайған күнде ер жетіп
Тұлпардың жүгі тарта алмас ақылға толған ақ едім
Қырғада шықса белімде бойғада түсем күзеңдеп
Келінменен балаға қонақ болған уақытта
Билігі кетсе қолынан кемпірменен шал жетім
Қатынсыз қалса үй жетім,сатып алса құл жетім
Құлдықта қалған ел жетім
Бәрінен де бір перзентің жоғынан мұңлы болған сол жетім!


Қазақша терме, Не жаман. Не жетім lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

22.11.2018
Users