Қазақша терме Біздің елдің жігіттері (2018), lyrics

Біздің елдің жігіттері lyrics

Қазақша терме

2018

5
0

Share:



Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Солар жайлы ағайын жұрт не білесің сен осы
Олар жайлы айтылмайды биік биік мінбеден
Өйткені олар ақиқатпен шындық сөздің жебесі

Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Біздің елдің жігіттері ұлы мұхит кемесі
Осы елден бақ пен қызыр қашпаса екен деп тілеп
Осы елдің осал жерін түзеп жүрген жебесі

Солар жайлы білгің келсе ордасына көріп көр
Солар жүрген соқпақ жермен дәтің барса жүріп көр
Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған
Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер

Біздің елдің жігіттері жігіттердің сұлтаны
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы
Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған






адетхан

Corrected text

13.08.2021