Асықпа балам lyrics

Қазақша терме

2018

0
1

Share:



Асықпа балам! Сайтанның ісі асыққан
Құрғақ сезімнен аулақ бол көңіл тасытқан
Асығыс тірлік сағын сындырып талайдың
Талайы мықтының көз жасын көл қылып жасытқан
Асықпа балам...

Ойланып сөйле айтатын балам сөзіңді
Аңғалдығыңды тастарсың енді бір кезге
Балапанына өсиет қарға айтқандай
Бір шұқып балам екі қарайтын кез келді
Асықпа балам....

Рынок келіп заман талабы өзгерді ай
Әрібір қадамыңда аңдып басатын кезі келді
Еті тірілер бөлініп шығар бый болып
Қайыршы қылар аңқаумен жалқау кездерде
Асықпа балам...

Өмір деген асфальт жол емес сайраған
Алдаумен арбау алып сатарлар айналаң
Тентек суменен қыздарға қызықпа жаным
Жағымпоз жылпоз достардан аулақ бол балам
Асықпа балам...

Әкелі қалқам бойлап бойымды бір сезім
Өсиет етіп арналды ау саған әр сөзім
Егер мұрның бөліп тұрмаса ортасын
Біріне бірі жау болады екен екі көзің
Асықпа балам...

Өмірі сабақ әке сыншы екен балаға ай
Әкенің сөзін тастама балам далаға ай
Көгеремін десең өсемін десең өркендеп
Бетіңе келіп қатты сөз айтпау анаңа
Асықпа балам...
Қазақша терме, Асықпа балам lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Corrected text

27.07.2020