Қасымбек Арайлым Ақынға арнау lyrics

Ақынға арнау Қасымбек Арайлым

0
0

Share:


Lyrics



Сол баяғы өз аспаның, өз елің,
Өз еліңде келді сөйлер кезегің.
Сол кішкентай Қарасаздан басталған,
Теңіз болды сенің «өмір өзенің»!

Қайда кеттің, бітірмей өмір дастанын,
Алатауға қатсаңшы тағы асқақ үн.
Бір сәтіңді жеткізе алмай тұрмыз-ау,
Өлеңменен іні – қарындастарың.

Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпенен құрбылар.
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін,
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар.

Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,
Әлі талай келер ұрпақ толғайды.
Туған күні тойланған шын ақынның,
Өлген күні болған емес, болмайды...


Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Шилісу ауылы «Шилісу негізгі мектебі» КММ–сінің
4-сынып оқушысы: Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі: Билибаева Қарлығаш Урамбаевна



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

26.08.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz