Алыста қыр қарауытып келбейді.
Айдың нұры баяу ғана дірілдеп,
Тың алқапты көкшіл шұғыла көрнейді.
Айлы дала салқын самал тамаша!
Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша.
Екі ғашық қол ұстасып келеді,
Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді.
Бар болғаны жүрек тулап дем ысып,
Әлсің - әлсің ерінге ерін төнеді.
Жанға рақат түннің салқын самалы!
Махаббаттың,махаббаттың оты лаулап жанады.
Махаббаттың оты лаулап жанады,
Сол жалыннан жүрек сая табады.
Түнгі дүние төңіректе мөлгейді,
Тербеледі тың егіннің алабы.
Айлы дала, салқын самал тамаша!
Екі ғашық,екі ғашық келе жатыр оңаша. Қарақөз Сүлейменова, Тербеледі тың дала lyrics, 2017 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store