Қарақат пен Қыдырәлі Тамшылар (0) lyrics

Тамшылар lyrics

Қарақат пен Қыдырәлі

Тамшылар

0
0

Share:


Түніменен, түніменен,
тереземді тамшы ұрды
Түніменен, айтып жатты
Жан сырды, жан сырды
Түніменен, түніменен,
өзің жайлы түс көріп
Жұмыр басқа мазасыз ой
Сан кірді, сан кірді
 
Түніменен тереземді тамшы ұрды
Түніменен тереземді тамшы ұрды
 
Кірпігімнен, кірпігімнен
Құлап жатты тамшылар
Бәз біреулер бұған сірә
таң шығар, таң шығар
сені аңсаған, сені аңсаған
көңілімде еріген
аңсаулардың моншағы да
бар шығар, бар шығар
 
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
 
Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағыла
Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастай
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сабылып
 
Кірпігімнен, кірпігімнен
Құлап жатты тамшылар
Бәз біреулер бұған сірә
таң шығар, таң шығар
сені аңсаған, сені аңсаған
көңілімде еріген
аңсаулардың моншағы да
бар шығар, бар шығар
 
Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағыла
Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастай
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сабылып
 
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Көкірегім қасіреттен жаншылар
Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастай
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сабылып
 
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар






GM

Added Lyrics

17.12.2015
Music Videos
Қарақат пен Қыдырәлі
Тамшылар