Қарақат пен Қыдырәлі Айналайын (0) lyrics

Айналайын lyrics

Қарақат пен Қыдырәлі

Айналайын

1
0

Share:


Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!


Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайған айым,
Ниетіңе сай болайын,
Мені сүйген жүрегіңнің
Лүпілінен айналайын.


Әнін әнге жалғассын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғаш рет.


Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайған айым,
Ниетіңе сай болайын,
Мені сүйген жүрегіңнің
Лүпілінен айналайын.



Саған мәңгі борыштармын.
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам намыстандың.

Қарақат пен Қыдырәлі






GM

Added Lyrics

28.10.2015