Ұйықтасын тыныш сәбилер lyrics

Қарақат Әбілдина

2017

31
0

Share:



Ұйқыда ғалам, ұйқыда далам
Отырмын сені әлдилеп
Кішкентай адам ең қымбат маған
Ұйықтасын тыныш сәбилер
Айымсың әппақ, өзің күн жұлдыз
Тәп-тәтті сенің келбетін
Ең ғажап шақтар, қайғысыз мұңсыз
Балапаныңды тербету

Әлди-ау бөпем ұйықтай ғой көкем
Тыныш болсыншы заманын
Арманы осы тілегі осы
Әр ата ə
рбір ананың

Аштықтан азып алақан жазып
Сұрамасыншы сәбилер
Соғысты көріп көктей боп соғып
Жыламасыңшы сәбилер

Ұйқыда ғалам ұйықта балам
Сүйсінер саған анашын
Өзің деп сүйем кең жүрекпенен
Әлемнің барлық баласын

Оятса сені күн нұры ғана
Оятып таңда әлдилер
Өмірдің мәні өздерің ғана
Ұйықтасын тыныш сәбилер
Қарақат Әбілдина, Ұйықтасын тыныш сәбилер lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Akbota Sabitova

08 2018

магынасы терен, журек козгар ан

Айдар Назия

27 2019

Admin

Corrected text

15.12.2017