Қарақат Әбілдина Ризамын саған (0), lyrics

Ризамын саған lyrics

Қарақат Әбілдина

Ризамын саған

11
0

Share:



Күлімдеп көзің,
Дірілдеп сезім,
Бақытқа мені бөлеген өзің.
Сенсің деп айым,
Көрсетпей уайым,
Қорғаным болып келесің дәйім.
 
Қасымда сенің жүргенің-ай,
Ғажап қой осы күндерім-ай,
Аяулы жарым – баянды бағым,
Ризамын саған, ризамын, жаным!
 
Көңілім қалап тапқан адал жан,
Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,
Жанымыз махаббаттан жаралған,
Тосады бақыт алдан!
 

 
Мұңайтпай бір күн,
Қуантып жүрдің,
Еркелігімді көтере білдің.
Үмітті жалғай,
Биікке самғай,
Жетелеп жүрші қанатың талмай.
 
Қасымда сенің жүргенің-ай,
Ғажап қой осы күндерім-ай,
Аяулы жарым – баянды бағым,
Ризамын саған, ризамын, жаным!
 

 
Көңілім қалап тапқан адал жан,
Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,
Жанымыз махаббаттан жаралған,
Тосады бақыт алдан!






Comments

Сабира Темирбаева

08 2017

неге тартылмайды

Ботакөз

22 2018

скачать етілмидіғой

GM

Added Lyrics

15.10.2015