Балапан қаз lyrics

Қарақат Әбілдина

Балапан қаз

21
1

Share:



Бұл өлке - біздің ауыл жайлаған жер-ау
желіге асыл құлын байлаған жер-ау
Көзіме от жалыңдай көрінді-ай
тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай!
 
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
 
Бұл өлке - біздің ауыл күзеген жер-ау
Қарагөз бойын сылап, түзеген жер-ау
Көзіме от жалындай көрінеді-ай
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай!
 
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! 
 

Қарақат Әбілдина, Балапан қаз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






b.sabit980@gmail.com

Corrected text

09.10.2020