Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен Маxаббат мұңсыз болмайды (2018), lyrics

Маxаббат мұңсыз болмайды lyrics

Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен

2018

41
0

Share:



1-ші шумақ:

Мұңайма жаным, мерейлі,
Шаттық та, мұң да кемиді.
Солтүстіктегі мұхиттың,
Мұзыда бір күні ериді.
Жүректің сенсің сыңары,
Қолыңда сенім шырағы,
Көңілдің мұзы еруге,
Керек-ау жанның шуағы.


Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!


2-ші шумақ:

Бақыттың дәмі балдай ма?
Табайын іздеп жол қайда?
Өлшеніп берген өмірде,
Өкпелетпесең болмай ма?
Жылайсың, кейде күлесің,
Тоқтатпа тағдыр күресін!
Ащының дәмін татпасаң,
Тәттіні қайдан білесің?


Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!






GM

Corrected text

11.01.2019


shinline.kz