Жаурады жаным lyrics

Қанат Үмбетов

Жаурады жаным

27
0

Share:



1) Өзің барда нұрлы еді айналамның барлығы
Күз келді де кеудеме басты мені бар мұңын
Бақыт алыс жол қысқа артта қалды таң нұры
Осы шығар жарығым жаратқанның жарлығы
 
Жаным , жаным , жаным жаурады
Сенсіз мәнсіз әнім таудағы
Өзіңді ойлай ойлай жаным жаным ауырады
 
2) Сағым қолын бұлғаса сен екен деп ілестім
Сенсіз өткен бір түнмен таң атқанша күрестім
Мұңаяды жай ғана қабақ ашпай күлмес күн
Есіме алып өткенді елесіңмен тілдестім
 
Жаным , жаным , жаным жаурады
Сенсіз мәінсіз әнім таудағы
Өзіңді ойлай ойлай жаным жаным ауырады
 
3) Күн күрсініп аспанда ай жылады жасырын
Сені қатты сағындым естисің бе асылым
Тек өзіңді іздеумен өтеді әлі ғасырым
Жолығармыз түбінде ғарыштағы ғашығым 
 
Жаным , жаным , жаным жаурады
Сенсіз мәнсіз әнім таудағы
Өзіңді ойлай ойлай жаным жаным ауырады 
қанат, канат, kanat, qanat, үмбетов, умбетов, ubmetov, umbetob, Жаурады жаным lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Гуля Каржаубаева

09 2017

жаксы ан тындауга кушти.

Нуржан

17 2018

Отдуши ризамын əндеріңе

Asem Akataeva

Corrected text

05.12.2020
Users

GM