Сәйгүлік lyrics

Қанат Үмбетов

Сәйгүлік

16
2

Share:



КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН,
ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ.
ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП,
ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...

Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!

Жосылтам, шіркін!Борайды жаңа өлең қардай.
—Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?!
Аңсау бар жанда ес - түссіз! —Тым - тым алыста
Тек мені күтіп жатқан бір ақ әлем бардай ......

Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау.
–Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді,
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..
қанат, канат, kanat, qanat, үмбетов, умбетов, ubmetov, umbetob, Сәйгүлік lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Нурдана Казихан

16 2017

Гани Абишев

07 2017

сози дурыс емес

PIANO COVER

27 2019

зор

GM

Added Lyrics

29.10.2015