Ақ бантик lyrics

Қанат Үмбетов

Ақ бантик

18
2

Share:



Балауса қыз едің бір кезде
Шашыңа ақ бантик байлаған
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам

Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай

Жол жатыр шақырып алдыңда
Өмір тұр ұсынып шаттығын
Білмеймін бойжетіп қалдың ба
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін

Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай

Жылдардың еркіне бағындың
Жылдарға қол создың жан құрбым
Белгісін балалық шағыңның
Айтшы сен қай жерде қалдырдың?

Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай
қанат, канат, kanat, qanat, үмбетов, умбетов, ubmetov, umbetob, Ақ бантик lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

15.02.2017
Music Videos
Қанат Үмбетов
Ақ бантик