Ерке құсым lyrics

Қанат Ражанов

2018

0
0

Share:



Ерке құс жүрегімді елжіреткен
Еркелеп көңіліме ерте көктем
Жаныма бір шұғыла шуақ құйып
Жалауын махаббаттың желбіреткен

Қайырмасы
Ерке құсым ертегі
Қызғалдақтай белдегі
Аққуымдай көлдегі
Ерке құсым!!!

Ерке құс қалай сенен жырақтайын
Майысып көлге біткен құрақтайым
Шақырсаң қуаныштың қойнауына
Төсінде мәңгі бақи тұрақтайын

Қайырмасы
Ерке құсым ертегі
Қызғалдақтай белдегі
Аққуымдай көлдегі
Ерке құсым!!!

Ерке құс қалай сені сағынбайын
Соңынан ақ бұлақтай ағынбайын
Қауысын жаңа жазған қызыл гүлдей
Ашылар екен менің бағым қай күн

Қайырмасы
Ерке құсым ертегі
Қызғалдақтай белдегі
Аққуымдай көлдегі
Ерке құсым!!!


Қанат Ражанов, Ерке құсым lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

19.06.2018
Users