Есіңде ме Қанағат Жалғасбаева

Есіңде ме

0
0

Share:


Lyrics



Жанарыңда от жанып,
Жүрегіме шоқ салып,
Есіңде ме сол күні,
Сен қуандың шаттанып.
Сезімімнің ұшқыны,
Құшағыңның ыстығы,
Екеуімізді жылытқан
Есіңде ме, қыс күні?!
 
Қайырмасы:
Есіңде ме,
Ақ мамықты аспаннан,
Төгілгенде ақ маржан,
Есіңде ме айлы кеш,
Жан сырымды ақтарған?!
 
Махаббаттан жаралған,
Біз екеуіміз нәр алған,
Алып ұшқан ертеңге,
Есіңде ме сол арман?!
Өтіп жатыр қанша күн,
Мен өзіңді аңсадым.
Есімнен еш кетпейсің,
Қайта оралшы, бал шағым.
 
Қайырмасы:
Есіңде ме,
Ақ мамықты аспаннан,
Төгілгенде ақ маржан,
Есіңде ме айлы кеш,
Жан сырымды ақтарған?!



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

24.01.2016