Қайда қайда lyrics

Қайрат Нұртас

2020

33
1

Share:



Қол жетпес арман — айым
Қасымнан қалма дәйім
Іздеген шын бақытың мен болайын
Әнің боп жалғанайын
Жаныма салма уайым
Бағым деп таңдамайын өзгені
Бағым боп көктемімде
Сағым боп кеткенің бе?
Сезімнің тосып едік өткелінде
Құс болып саған қарай
Ұшар-ем барам қалай?
Жолыңды қалай табам жарығым?

[Қайырмасы]
Қайда, қайда жүрсің?
Қайдасың сен?
Қасымда менің қалмаған
Бақытыңды неге байқамадың
Жүрегім, саған арналған

Көктем де кешігеді
Самал боп есіледі
Жаралы жүрек мұңын өшіреді
Махаббат кешігеді
Келер деп осы жолы
Жүрегім тосып еді өзіңді

[Қайырмасы]
Қайда, қайда жүрсің?
Қайдасың сен?
Қасымда менің қалмаған
Бақытыңды неге байқамадың
Жүрегім, саған арналған
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Қайда қайда lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

24.04.2020