Lyrics
Бақытын іздеп Алладан
Бағыңа соны балаған
Әлдимен тербеп әлемді
Аман-сау жүрші жан-анам
Қайырмасы:
Жаратқан барлық ғаламды
Таратқан барлық адамды
Мейірімі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды.
Фәниде сенсің шырағым
Бақи да сенсің Жұмағым
Анашым сенің атыңнан
Киелі жалғыз Құраным.
Қайырмасы:
Жаратқан барлық ғаламды
Таратқан барлық адамды
Мейірімі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды.
Ана деп әнім самғаған
Тартуым болсын арнаған
Алақан жайып тілеймін
Амандығыңды Алладан.
Қайырмасы:
Жаратқан барлық ғаламды
Таратқан барлық адамды
Мейірімі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
зорррр күшті
Куштииии
❤кушти
Күшті мен анамды осы өлеңмен қуантам өте өте өте күшті😘😘😘😘😘😘😘😘😘😘😍😍😍😍😍😍😍😍😍😍😍