Lyrics
Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?
[Қайырмасы]
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім
Алмасып күнмен, көгімде ай қалады,
Терезесінен көңілдің ай қарады,
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады.
Мен емес, сені қара түн аймалайды,
Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды,
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы?
[Қайырмасы]
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім
[Қайырмасы]
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
Аға өтініш бұрын бұреудің айтып кеткен әнін айтпаңызшы ! Сізден тек елден естімеген жаңа туынды кутеміз ...сонда ғана әнді ести сала сіз есімізге тусетін боласыз. Басқалар айтып кеткен әнді айтсаңыз, бұрын орындаған адам елестейт ☺
Ассалау мағаликум қалайсыз? Қайрат Нұртас аға