Шіркін-ай lyrics

Қайрат Нұртас

2016

3
0

Share:



Шіркін-ай, әппақ жəне аңық болса өмірдің түсі
Шіркін ай, тек биікке шарықтаса көңілдің құсы-ай
Шіркін-ай, күнім болып көкте күлсе сәтті уақытым
Шіркін-ай, мен мұндамын деп көрсе тәтті бақытым

[Қайырмасы:]
Осылай армандаушы ем, армандаушы ем
Сен маған кездескенше
Сүюден бақыт тапқан жан болмас ем
Сен маған кездескенше
Әлі де армандаушы ем мүмкін айым
Сен маған кездескенше
Көп еді көңілімде шіркін-айым

Шіркін-ай, қос ғашықтар жарасымды қатар өткенде
Шіркін-ай, болса деуші ем әлі осындай махаббат менде
Шіркін-ай, бір келгесін тағы маған кетпейтін болса
Шіркін-ай, жастық шағым жалындаған өтпейтін болса

[Қайырмасы:]
Осылай армандаушы ем, армандаушы ем
Сен маған кездескенше
Сүюден бақыт тапқан жан болмас ем
Сен маған кездескенше
Әлі де армандаушы ем мүмкін айым
Сен маған кездескенше
Көп еді көңілімде шіркін айым
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Шіркін-ай lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Дамир Жакин

Corrected text

18.11.2018
Users