Елге арнау Қайрат Нұртас ft. Мақпал Жүнісова

Елге арнау

2
0

Share:


Lyrics



əні : Ғазизхан Шекербеков
сөзі : Қуаныш Жаманқұлов
 
Мақпал :
Назы сырлы, сазы мұңды ерке болсам да
Төменде қап талай,талай - төрге қонсам да
Бірге шаттанамын
Бірге бақ табамын Қазағыммен мен қашанда
 
Қайрат :
Баласымын жайсаң елдің жомарт мен де осы
Жүрегімен шырқап салған əсем əн - досы
Арманға қол созып
Атым шапса озып
Ол да осы ел арқасы
 
Қайырмасы :
Жайнаған гүліміз өнердің
Сайраған үніміз өнердің
Сенің арқаң сүйікті ел
Жарқыраса биіктен
Жұлдызымыз, ұл қызымыз тек елдің
 
Қайрат:
Ел ұнатқан жері ұнатқан мақпал дауысын
Бұлбұл құстай тамылжытқан сайрап бақ ішін
Саз үнімен тербеп
Сізді білем жан деп 
Жаратылған шырқау үшін
 
Мақпал :
Төгіп тəтті əн əн деп соққан асау жүрегің
Сен де өнерден қайраттанған жанның бірі едің
Еркелетсін елің
Ақ болсын деп жолың
Жаратқаннан мен тіледім
 
Қайырмасы :
Жайнаған гүліміз өнердің
Сайраған үніміз өнердің
Сенің арқаң сүйікті ел
Жарқыраса биіктен
Жұлдызымыз, ұл қызымыз тек елдің



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Қонақ
21 2016

салеметсиз ба. сиздин термелериниз катты унайды.

Қонақ
26 March 2016

камажай

дамира
10 2016

озгеше бир программа екен рахмет сиздерге

Added

29.10.2015