Ата анаң айдан алған ба? Иса Әлимұса

2021

2
0

Share:




Lyrics



Лауладым өртендім жалындап маздадым
Жауапсыз қалған соң саған хат жазғаным
Өзіңді әр тәулік тоқтаусыз ойлаудан
Гиннестер рекордын жаңарта жаздадым...

[Қайырмасы]
Ата-анаң айдан алған ба
Сол үшін Гагарин барған ба
Әйгілі суретін Да Винчи
Өзіңе қарап салған ба
Саған үйленсем бай болам
Долларда тұрған шалдан да
Кереметтері әлемнің
Керемет емес сен барда...

Қиылдай берейін қарамай шамаға
Қиялдан кел дағы келін бол анама
Ән болсам мен сені күн түні әлдилеп
Хан болсам атыңды берер ем қалаға...

[Қайырмасы]
Ата-анаң айдан алған ба
Сол үшін Гагарин барған ба
Әйгілі суретін Да Винчи
Өзіңе қарап салған ба
Саған үйленсем бай болам
Долларда тұрған шалдан да
Кереметтері әлемнің
Керемет емес сен барда...



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

22.09.2021