Жастарым lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Жастарым еңбекші елдің болатысың,
Сүзілген жібек баулы қанатысың,
Қар жауып, ыстық, аяз көрсеңдағы,
Құлпырып өңі түспес жанатысың.
Өрімдей емен ағаш сен сабағы,
Дұшпанның саған батпас бар жарағы,
Сауытың үстіңдегі сұр костюмің
Адымда ұлы жолмен алдыңдағы.

1929 ж.
Иса Байзақов, Жастарым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016