Жастар маршы lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Біз бақытты туғаннан гүлденгенбіз,
Жаңа өмірдің бесігін ізденгенбіз,
Талай асу қиындық кездессе де,
Өнер білім желісін үзбегенбіз.

Қайырмасы:
Берік болат біз жастармыз,
Мың сан миллион достармыз.
Біз бақытты нұрлы күннен де,
Жау аспайтын биік асқармыз.

Оғы, сөзі түк емес жаудың бізге,
Біз айбынды қорғанбыз елімізге,
Суық қолын сұғанақ ұсынса да,
Сынық сүйем келмейді жерімізге.

Қайырмасы.

Көкте, жерде, асуда, суда, шөлде,
Жау кез келсе-ақ жеңеміз қай жерде де.
ҰлыОтанның біз батыр ұрпағымыз,
Бізде жігер, бізде күш, бізде зерде.

Қайырмасы.

Біз - жауынгер майданға аттанатын.
Өшіреміз фашистің мүлдем атын,
Отан үшін, бақытты жеңіс үшін
Біз - алыппыз дұшпанды күл қылатын.

Қайырмасы.
Иса Байзақов, Жастар маршы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016