Жаңа өмір lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Жастар да албырт жүрек қыран көзді,
Сезімді, көңілі зерек, өткір сөзді.
Ұстазым ұлы көсем арқасында,
Аспандап абыройдың тұрған кезі.
Шықтық жайнап жарыққа,
Нұрыңды шаш халыққа.
Халқың үшін жастарым
Ұмтыл алға, қарышта.
Жаңа өмір, жас ұланға гүлін шашты,
Тасыды, өсті олар да алға басты.
Көзі ашық, ойға терең өнерпаздар
Өнерін шарықтатып, кенін ашты.
Жаңа жыр қайнасын,
Жаңа тіл сайрасын.
Социалдық жарыста,
Қызып еңбек қайнасын.
Еңбекші ел, кел жарысқа.
Кел, кел, кел;
Кел жарысқа
Кел, кел, кел!
Иса Байзақов, Жаңа өмір lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016