Үшінші желдірме lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Гүлденген Қазақстан кең даласы,
Кен шөккен өндірісті айналасы,
Ақ күміс алтын арай жент секілді
Елімнің, міне, қандай тамашасы.

Дариядай шалқып жатыр бізде мұнай,
Мол байлық мұнай алқа жанарындай,
Қарсақпай, Қарағанды, айдын Балқаш
Қайнардай кен береді тыным алмай.

Риддер, алтын Алтай тасын өрген,
Сүзбелеп суынан да алтын терген,
Қалбаның қойны-қоншын кені басып.
Бәрі де қазан шұңқыр оған төнген.

Осындай өндірісім тағы талай,
Шаттықпен өскен елім, міне, осындай.
Нормасын екі-үш есе орындатып,
Рапорт Сталинге берді талай.
Иса Байзақов, Үшінші желдірме lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016